Іздеу

Басты бет / Іс-шаралар

Іс-шаралар

2023 жылғы 29 қараша  күні «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ және  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып Астана қаласы әкімдігінің Техникалық шығармашылық орталығы және Қ.Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназия ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарды заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алауханов Есберген Оразұлы, ІІМ отставкадағы генерал майор Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлы, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ақпараттық – ағартушылық пул спикері Абишев Жомарт Сүлейменұлы жүргізді.

Семинар барысында Техникалық шығармашылық орталығының директоры Чарахметов Канагат Маратұлы коррупцияны түп тамырымен жою мақсатында бірге күрес жолында ең алдымен әр істе заң аясында жұмыс жасап, әр адам сананы түзетсе ғана қол жеткізуге болатынын көпшілікке мәлім етті.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және онымен күресу мәселелері талқыланды.

2023 жылғы 23 қарашада сағат 15.00-де ардагерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті!

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту және дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлеу кезінде кеңес беру, білім беру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар енгізу үшін Техникалық шығармашылық орталығы жанынан Ардагерлер кеңесі құрылып,  2023 жылдың 23 қараша күні сағат 15.00 де Ардагерлер кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбаева Эльмира Букенбаевна “Техникалық шығармашылық орталығы” жанындағы Ардагерлер кеңесінің құрамына Ардагерлер кеңесі туралы Ереже таныстырып, болашақта жұмыс барысында қолдану міндеттелді.

Техникалық шығармашылық орталығы директоры Чарахметов Канагат Маратович Ардагерлер кеңесі құрамына бағыт бағдар беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Байланыс ақпараты